Accessibility links

АҚШ Ауғанстан басшылығына шарт қоюда


Құрама Штаттар Ауғанстанның жаңа басшылығы Вашингтонның «нағыз серіктесі» екеніне көз жеткізбейінше, ол елге қосымша әскер жіберу туралы шешім қабылдамайды, — деп мәлімдеді жексенбі күні АҚШ президенті аппаратының жетекшісі Рам Эмануэл.

Ауғанстанда осыдан 2 ай бұрын өткен президент сайлауының нақты қорытындысы әлі күнге дейін жарияланған жоқ. Осы кезге дейінгі есептеулер қазіргі президент Хамид Карзайдың алда келе жатқандығын көрсетті, сонымен бірге осы сайлауда бұрмалаушылық жасалғаны туралы ақпараттар да аз емес. Бұл елдің сайлау төңірегіндегі ахуалы әлемдік көшбасшыларды алаңдатып отыр.
XS
SM
MD
LG