Accessibility links

Жексенбі күні Қазақстанның өндіріс орындарында үш жұмысшы қаза болған


Өскемендегі «Казцинк» ЖШС металлургиялық кешеніндегі төтенше жағдайдан бір жұмысшы қаза болды, — деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

Министрліктің баспасөз қызметі хабарлағандай, жексенбі күні металлургиялық кешенде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде кешеннің қорғаныш қабаты құлап, 22 жастағы жұмысшыны басып қалған. Осы жарақаттың салдарынан жұмысшы көз жұмған.

Бұған қоса жексенбі күні Астананың Алматы ауданындағы Абылай хан көшесінде «Тұлпар» тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмыстары кезінде басынан жарақат алған 46 жастағы жұмысшы сол жерде жан тапсырған.

Дәл осы күні Қызылорда облысы Сырдария ауданының Бектас елдімекеніндегі «Қуат Амлон Мұнай» АҚ-ның жұмысшысы құбыр тиеу кезінде жарақат алып, соның салдарынан көз жұмған.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG