Accessibility links

Бейсенбі күні Есіргеповтің сот үкіміне қарсы апелляциялық шағымы қаралады


22-қазан күні Жамбыл облыстық сотында «Алма-Ата Инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргеповтің Тараз қалалық сотының шешіміне қарсы апелляциялық шағымы қаралады, — деп хабарлады «Журналистер қауіп-қатерде» баспасөзді қорғау қорының президенті Розлана Таукина.

«Бұл өзінің кәсіби жұмысын атқарғаны үшін үш жылға сотталған журналистің шағымын қарайтын сот», — деді Таукина.

Осы жылдың 8-тамызы күні Тараз қалалық соты журналист Рамазан Есіргеповті 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сот оны Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметі туралы құпия ақпаратты заңсыз жолмен алып, таратқаны үшін айыпты деп тапты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG