Accessibility links

Әкімшілік қалалық тіркеуде жоқ тұрғындар мен борышкерлер мәселесіне жауап беруге уәде етті


Қазақстандық оппозиция өкілдері және борышкерлер мен үлескерлерден құрылған қоғамдық қозғалыс өкілдері бірігіп Алматы қалалық әкімшілігі алдында өз наразылықтарын білдірді, — деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Олар коммуналдық төлемдердің негізсіз қымбаттауы және банктердің дағдарыс жағдайында несие төлеу мөлшерін азайтпай отырғанын алға тартты. Сонымен қоса бұзылуға тиіс үйлердің тұрғындары өздерінің үйлері де, өздері де еш жерде тіркеуде жоғын айтып шағымданды.

Тұрғындар алдына жауап беруге шыққан Алматы қаласы әкімінің орынбасары Виктор Долженков жер мәселесіне қатысты арыз-шағымдарды қарап 21-қазан күні өтетін кездесуде жауап беруге уәде етті.
XS
SM
MD
LG