Accessibility links

Иран: Егер келіссөздер сәтсіз өтсе, уран байыта береміз


Теһран уран байытуға қатысты халықаралық келіссөздер сәтсіз өтетін болса, Иран уран байытуын жалғастыра береді деп айтты.

Иранның Атом энергиясы жөніндегі ұйымының өкілі Али Ширзадиан бұл мәлімдемені елінің ядролық бағдарламасына байланысты Венада өтетін кездесу алдында айтып отыр.

Аустриядағы кездесуге Франция, Құрама Штаттар және БҰҰ-ның Атом энергиясы жөніндегі агентігі қатысады.

Олар Теһранның төменгі байытылған уранын ядролық зерттеу реакторына қажетті жоғары деңгейде байыту үшін шетелге жіберу ұсынысын талқылайды.
XS
SM
MD
LG