Accessibility links

Грузия – Ресей соғысы Голливуд тақырыбына айналды


Құрама Штаттардың белгілі актері Энди Гарсия Грузияда жүр. Ол өткен жылғы тамыз айындағы Грузия мен Ресейдің әскери қақтығысы туралы түсірілетін жаңа фильмде Грузия президенті Михаил Саакашвилидің образын бейнелейтін болады.

Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, Гарсия Грузия президентінің сарайында екі күн киноға түседі.

Фильм өткен жылғы қақтығыс кезінде Грузияның жікшіл аймағы Оңтүстік Осетияда болған американдық журналист пен оператордың әрекеттері арқылы суреттеледі.

Бұл фильмді американдық белгілі режиссер, бірнеше танымал фильмнің авторы Ренни Харлин түсіреді.

Ресейлік баспасөздің жазуынша, сербиялық белгілі режиссер Емир Кустурица да бұл қақтығыс туралы Оңтүстік Осетиялық көзқараспен кино түсіруді жоспарлап отыр.
XS
SM
MD
LG