Accessibility links

Ауғанстанда мыңдаған дауыс жарамсыз деп табылды


Бүгін БҰҰ-ның қолдауындағы Ауғанстанның сайлауға қатысты шағымдарды қарайтын комиссия дауыс беру кезінде орын алған заңсыздықтарға байланысты әрбір кандидаттың жинаған даусының нақты бірнеше пайызы жарамсыз деді.

Сайлау комиссиясы жариялаған дауыс беру қорытындысын тәуелсіз сайлау комиссиясына беріп, әрбір кандидаттың белгілі бір мөлшердегі даусын жарамсыз ету жөнінде нұсқау берген.

Бұл сайлау қорытындысы тамыздың 20-да өткен Ауғанстандағы президенттік сайлаудан екі ай өткенде шығып отыр. Сайлау кезінде бұрмалаушылықтар мен заңбұзушылықтар жөніндегі шағымдар көп түскендіктен, оны зерттеу үшін арнайы комиссия құралған болатын.
XS
SM
MD
LG