Accessibility links

Мұхтар Жәкішев ауруханаға жатқызылды


«Қазатомпром» ұлттық компаниясының қамаудағы бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы бүгін Азаттық радиосына оның әйелі Жәмила Жәкішева хабарлады.

«Мұхтардың ауруханаға түскені туралы маған кеше кешке ҰҚК тергеу тобының жетекшісі Владимир Петровский хабарлады. Оны Астанадағы республикалық клиникалық ауруханасына жатқызыпты. Ауруханадағы аты-жөні мен қызметін айтудан бас тартқан қызметкердің хабарлауынша, қазір Мұхтардың жағдайы жөнделе бастаған сыңайлы. Оны ауруханаға жоғарғы қан қысымына байланысты апарыпты», — деді Жәмила Жәкішева.

«Қазатомпром» ұлттық компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішев «мемлекет мүлкін талан-таражға салды» деген күдікпен биылғы 21 мамырда тұтқындалып, ҰҚК-нің Астанадағы тергеу абақтысына қамалған.
XS
SM
MD
LG