Accessibility links

Жовтиске қолдау білдірушілер автокеруенмен Талдықорғанға аттанды


Азаттық тілшісінің хабарлауынша, бүгін таңертең Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтистің ісі бойынша апелляциялық сотқа қатысу үшін Алматы-Талдықорған бағыты бойынша автокеруен жолға шықты.

Құқық қорғаушыға қолдау білдіру үшін бір автобус және он шақты жеңіл көлікпен аттанған топтың арасында саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, адам құқығын қорғаушылар және журналистер - барлығы жүзге жуық адам бар.

Жол жүру ережесін бұзу арқылы кісі өліміне себепкер деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырылған құқық қорғаушы Евгений Жовтистің апелляциялық шағымы бойынша сот отырысы Талдықорғандағы Алматы облыстық сотында бүгін сағат 14.00-де басталады.
XS
SM
MD
LG