Accessibility links

Полицейлер Талдықорғанға аттанған адам құқығын қорғаушыны тоқтатқан


Сейсенбі күні Алматыдан Талдықорғанға жолға шыққан автокеруеннің құрамындағы Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөнiндегi қазақстандық халықаралық бюроның ақпараттық-бiлiм беру орталығының жетекшiсi Роза Ақылбекованың қызметтік көлігін жол полициясы тоқтатып, оны сотқа жібермеуге талпыныс жасалған.

Бұл туралы хабарлаған Азаттық тілшісінің мәліметінше, жол полициясы Роза Ақылбекованың қызметтік көлігін Бақанас елдімекенінің маңында тоқтатып, құжаттарын тексерген. Розаның жанында Евгений Жовтис себепкер болған жол апатында қайтыс болған жаяу жүргінші 36 жастағы Қанат Молдабаев есімді азаматтың анасы бар. Марқұмның анасы болған іске кешірім беріп, сотта өз сөзін айтпақшы екен. Роза Ақылбекова жол полициясының бұл әрекетін марқұмның анасын сотқа жеткізбеу үшін жасалып отыр дейді.

Сондай-ақ құжаттарын жол полициясына тексертіп, жолда тоқтап тұрған қызметтік көлікке басқа бір көлік келіп соғылған. Полицейлер көлігін жолға тастап басқа бір жолай көлікке отырып кетіп бара жатқан Розаның тағы да жолын кесіпті.
XS
SM
MD
LG