Accessibility links

Жақсыбек Күлекеев бостандыққа шықты


Бүгін Алматының Жетісу аудандық соты «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының сотталған бұрынғы басшысы Жақсыбек Күлекеевті мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға шешім шығарды, — деп хабарлады Zonakz интернет басылымы.

«Қазақстан темір жолының» экс-президенті осы жылдың 28-тамызы күні Астананың тергеу изоляторынан Алматы облысының УЧ ЛА 155/13 ерікті қоныстандыру колониясына ауыстырылған еді.

Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты өткен жылдың 13- қарашасында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы Жақсыбек Күлекеевті «қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін» үш жылға бас бостандығынан айырған болатын. Бірақ, оған тағылған басты айып – «100 мың доллар пара алды» деген оқиға – бойынша Күлекеев ақталды.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының бұрынғы президенті Жақсыбек Күлекеев өткен жылдың 1 сәуірінде 100 мың доллар пара алды деген күдікпен өз үйінің алдында тұтқындалған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG