Accessibility links

Хамид Қарзайдың жеңісіне күдік туып отыр


Сейсенбі күні Ауғанстан президенті Хамид Қарзай президент сайлауы нәтижесінің жариялануына байланысты саяси дағдарыстан шығудың жоспарын жариялауға тиіс. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон мемлекеттік департаментте журналистердің алдында сөйлеген сөзінде Қарзайдың осындай жоспарын күтетінін мәлімдеді.

Дүйсенбі күні арыз-шағымдарды қараған сайлау комиссиясы 210 дауыс беру учаскесіндегі бюллетендерді жарамсыз деп жариялады.

АҚШ-та орналасқан халықаралық демократия ассоциациясы Қарзайды қолдаған дауыстар 50 пайыздан кем деп мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG