Accessibility links

Пәкістан әскері тәліптерге соққы беруде


Оңтүстік Вазиристан өлкесіндегі соғыс операциясының барысында Пәкістан армиясына тәліптердің бекіністерін басып алуына бұйрық берілді. Ресми биліктің хабарлауынша, өткен дүйсенбі күні әуеден авиацияның, құрлықтан зеңбіректердің қолдауына сүйенген армия Коткаи қаласын алды. Шайқастың барысында 78 тәліптің көзі жойылып, 9 жауынгер қаза болды.
АҚШ-тың қорғаныс министрі Роберт Гейтс Пәкістан армиясының операциясын қолдайтынын мәлімдеді. Бірақ қорытынды жасауға әлі ертелеу деп есептейді.
XS
SM
MD
LG