Accessibility links

Алматының «Құрылысшы» ықшамауданында тағы бір үй бұзылды


Алматыдағы «Құрылысшы» ықшамауданындағы Бағыбаев Советбек есімді тұрғынның үйі бұзылды, — деп хабарлады Азаттыққа «Шаңырақ» республикалық қоғамдық бірлестігі.

Бұл істің анығын айтып, радиомызға түсініктеме берген үй иесі Советбектің айтуынша, әкімшілік тарапынан оның үйі осымен екінші рет бұзылыпты.

«Осыдан 2 ай бұрын менің алғашқы салған үйімді бұзып кеткен еді, мына үйді де енді салып бітіріп, ішіне үй мүліктерін әкеліп орналастырып қойғанбыз. Әкімшіліктен келген екі қызметкер жоғарыдан бұйрық берілді, сенің үйің бұзылу керек деді, осылайша трактормен екі рет жүріп өтіп, көз алдымда үйімді үйіндіге айналдырып кетті. Мен адамша түсіндіріп айттым, құжат алуға өтінішімді өткізгенмін, заңсыздық туралы айыппұл төле деген соң оны да төлеп қойғанмын. Менің студент екі балам бар, біз пәтер жалдап тұрамыз, үйімізді салып бітіріп, енді кіреміз бе дегендегі жағдай мынау. Бұл жерді 2005 жылы 3 мың АҚШ долларына сатып алып едім», — деді Советбек Бағыбаев.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG