Accessibility links

Алматы облыстық соты Жовтиске шығарылған сот үкімін күшінде қалдырды


Сейсенбі күні Евгений Жовтистің апелляциялық шағымын қараған Алматы облыстық сотының апелляциялық алқасы алғашқы сатыдағы сот үкімін өзгеріссіз күшінде қалдырды.

Зардап шеккен тараптан марқұм Қанат Молдабаевтың анасы Райхан Молдабаева сотта сөйлеген сөзінде Жовтисті кешіретінін айтып, оның үстінен бұрын шығарылған сот шешімін бұзуды апелляциялық сот алқасынан өтінген болатын.

3 қыркүйекте Алматы облысы Балқаш аудандық соты Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро директоры Евгений Жовтисті автокөлікпен жол жүру ережесін бұзып, азамат Қанат Молдабаевтың өліміне себепкер болған деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған-ды.

Сот үкімі бойынша Жовтис жазасын қоныстану колониясында өтейді.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG