Accessibility links

Мәскеу Белградқа 1 млрд. еуро несие береді


Белградта Ресей мен Сербия президенттері Дмитрий Медведев пен Борис Тадичтің келіссөзі нәтижесінде тараптар осындай келісімге келді. Өз кезегінде Б.Тадич қаржылай көмегі мен Косово өлкесінің тәуелсіздігін мойындамай Белградқа дипломатиялық қолдау білдіргені үшін Медведевке алғыс айтты.

Д.Медведевтің сапары барысында мемлекетаралық бірқатар келісімге, бірінші кезекте энергетика мен тасымалдау саласындағы келісімдерге қол қойылды. Д.Медведев Ресей мен Сербияның энергетикалық жобаларының, оның ішінде әсіресе орыс газын Балкан арқылы Еуропаға тасымалдайтын «Оңтүстік ағын» газ құбырын тарту жобасының стратегиялық маңызын ерекше атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG