Accessibility links

Қазақстан баспасөз бостандығы бойынша 142-орынға төмендеген


«Шекарасыз репортерлар» халықаралық ұйымының «Баспасөз бостандығы индексі» бойынша Қазақстан 15 сатыға төмендеп, 142-орынға түскен.

Аталған ұйым таратқан коммюникеде, Орталық Азияда Қазақстан мен Қырғызстан елдерінде сөз бостандығының құлдырауы байқалғаны айтылған.

«Баспасөз бостандығы индексі - 2009» есебі 2008 жылдың 1-қыркүйегі мен биылғы жылдың осы күніне дейінгі аралықты қамтиды. Ұйым өкілдері әлемнің барлық елдерінің журналистері мен құқық қорғаушыларына журналистерге күш көрсету, заң бұзушылық пен сөз бостандығына шектеу қою дәрежесін анықтау мақсатында 40 сұрақтан тұратын тізім жолдаған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG