Accessibility links

«Хьюман Райтс Вотч» Жовтистің ісін қайта тексеруге шақырды


«Хьюман Райтс Вотч» халықаралық құқық қорғау ұйымы Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтистің апелляциялық шағымын қарап, алғашқы сатыдағы сот үкімін өзгеріссіз қалдырған Алматы облыстық сотының шешімін айыптады.

Аталған ұйым таратқан мәлімдемеде, Жовтистің ісі бойынша жүргізілген «тергеу мен сот ісін қарау заң бұзушылықтарға толы болды және Жовтиске өз құқын толыққанды жүзеге асыруға, өзін-өзі қорғауға мүмкіндік бермеді»,— делінген.

Осы істегі заң бұзушылықтарға байланысты «Хьюман Райтс Вотч» билік Жовтиске жауапкер ертінде өз құқын толыққанды жүзеге асыруға, өзіне қарсы айтылған айыптаулармен танысуға, таласуға мүмкіндік беріп, деректерді қайта қарау керек деп есептейді.

«Бұл шешім Қазақстандағы әділ сот стандартының қамын ойлаушылар үшін соққы болды», — деді «Хьюман Райтс Вотч» ұйымының Еуропа мен Орталық Азия бойынша директорының орынбасары Рейчел Денбер.

20 қазан күні Алматы облыстық сотының апелляциялық сот алқасы адам құқын қорғаушы Евгений Жовтисті кісі өліміне айыпты ретінде төрт жылға бас бостандығынан айыру туралы 3 қыркүйекте Балқаш аудандық сотының шығарған үкімін күшінде қалдырды.
XS
SM
MD
LG