Accessibility links

«Ырысты» зауыты жұмысшыларының ісі бойынша сотта жарыссөз өтеді


Бүгін сағат 16.00-де Алматының Медеу аудандық сотында «заңсыз ереуіл» ісі бойынша жарыссөз болады. Бұл туралы Азаттыққа қалалық бастамашыл топтың ұйымдастыру комитетінен хабарлады.

Қыркүйек айында «Ырысты» вагон жөндеу зауытының әкімшілігі биылғы жылдың 30-маусымы күнгі өткізілген зауыт жұмысшыларының зауытты мемлекетке қайтару жөніндегі ереуілін заңсыз деп тануды сұрап, зауыттың жұмыстан босатылған ереуіл тобының тең төрағасына қарсы сотқа талап арыз берген болатын.

Бүгінгі жарыссөзге қоғам қайраткерлері мен адам құқығын қорғаушылар да қатысады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG