Accessibility links

Қырғызстанда күші 5 балдық жер сілкінісі болды


Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, елдің оңтүстігінде Рихтер бағанымен есептегенде бес балдық жер сілкінісі болған.

Жер асты дүмпуі сейсенбі күні жергілікті сағат кешкі 22.44 -те тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Оштан оңтүстік-шығысқа қарай 90 шақырымдағы Суфи-Курган ауылына жақын жерде байқалған.

Жер сілкінісі салдарынан құрбан болғандар жоқ деп хабарланды.
XS
SM
MD
LG