Accessibility links

Данияр Үсенов Қырғызстанның премьер-министрі болып тағайындалды


Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Қырғызстанда парламенттік «Ақ Жол» фракциясы елдің премьер-министрлігіне Данияр Үсеновтің кандидатурасына қолдау білдіргеннен кейін президент Құрманбек Бакиев оны осы қызметке тағайындау туралы Жарлық шығарды.

Осылайша, Құрманбек Бакиевтің бес жылдық президентігі кезінде елде бесінші рет премьер-министр ауысты. Данияр Үсенов бұған дейін Қырғызстан президенті әкімшілігін басқарған, Бішкектің әкімі қызметін атқарған. Тәуелсіз ақпарат көздерінің бағалауынша, ол осы елдегі ең ауқатты адамдардың бірі саналады.

Данияр Үсенов қысқа мерзімде жаңа министрлер кабинетін қалыптастыруға, үкімет мүшелерінің көбінің орындарының сақталатынына уәде беруде.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

XS
SM
MD
LG