Accessibility links

Польша премьері: Варшава АҚШ-тың жаңа жобасына қатысуға әзір


Польша премьер-министрі Дональд Туск АҚШ вице-президентімен бірге өткізген баспасөз маслихатында Варшава АҚШ-тың зымыраннан қорғаныс жүйесі жөніндегі жаңа жобасына қатысуға дайын деп атап көрсетті. Вице-президент Джо Байден сәрсенбі күні Польша ресмилерін Вашингтонның зымыраннан қорғаныс жүйесін жетілдіру жоспарымен таныстырды.

Буш әкімшілігі зымыраннан қорғаныс жүйесін Польша мен Чехияда орнатуды ұсынған болатын бірақ президент Барак Обама қыркүйек айында Ресей қарсы болған бұл жоспардан бас тартып, оның орнына әлгі жүйені дамыту керек деді. Бұл шешім Варшава мен Прагада алаңдаушылықтар туғызды.

Байден Польшадан кейін Румынияға сосын Чехияға барады деп жоспарланған.
XS
SM
MD
LG