Accessibility links

Косово Ресейдің қарсылығына мән бермеді


Косово президенті Фатмир Сейдиу Ресейдің Косово тәуелсіздігіне қарсы соңғы мәлімдемесін жоққа шығарды. Сейдиудың айтуынша, уақыт дөңгелегін тоқатуға және артқа бұруға болмайды.

Осыдан бір күн бұрын президент Дмитрий Медведев Белградта сөйлеген сөзінде Мәскеу әрдайым Сербияның егемендігі мен территориялық біртұтастығын қолдайды деп атап көрсетті.

Косовоның тәуелсіздігін 60-тан аса ел, олардың ішінде АҚШ пен ЕуроОдақ мемлекеттері мойындады. Сербия Косовоның тәуелсіздік жариялауының заңдылығын тексеру үшін бұл мәселені Халықаралық әділет сотына тапсырды.
XS
SM
MD
LG