Accessibility links

Стамбулда Алматының мәдени күндері ашылды


Алматы қалалық әкімшілігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл шара Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияға сапары аясында өтуде.

Стамбулға Алматының ресми делегациясын қала әкімі Ахметжан Есімов бастап барған, делегация құрамында Нұржамал Үсенбаева, Дәлел Уаш, «Сазген-Сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, Абай атындағы опера және балет театрының әртістері сияқты өнер қайраткерлері бар.

Мәдени күндер шарасында Алматы туралы көрме ұйымдастырылып, «Қазақфильм» киностудиясының фильмдері көрсетіліп, концерттер өткізілмек.
XS
SM
MD
LG