Accessibility links

Қазақстандағы АҚШ елшілігі Жовтистің үкіміне орай мәлімдеме жасады


Қазақстандағы АҚШ Елшілігі 20-қазанда Талдықорғанда Алматы облыстық сотының Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро директоры Евгений Жовтистің абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол ережесін бұзу ісіне қатысты үкімнің күшінде қалдыруына байланысты мәлімдеме таратты.

Мәлімдемеде елшілік соттың құқық қорғаушыны төрт жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды ұйғарғанын қынжылыспен қабылдағанын айтады.

«Қыркүйек айында болған алғашқы сот инстанциясындағы сот тыңдауынан кейін процессуалдық ережелердің бұзылғандығы туралы сенім туғызатын болжамдар айтылған еді, алайда аппеляциялық тыңдау кезінде оларды түзету мүмкін болмады.

Біз Қазақстанның мемлекеттік органдарын осы іске байланысты алда болатын қадағалау ісін Қазақстан Республикасының заңдарына және оның халықаралық сот ісін жүргізу стандарттарын орындау туралы міндеттемелеріне толық сәйкестендіріп жүргізуге табанды түрде шақырамыз», — делінген елшіліктің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.
XS
SM
MD
LG