Accessibility links

Облыстық сот алқасы Рамазан Есіргеповтің үкімін өзгеріссіз қалдырды


Жамбыл облыстық сотының алқасы Рамазан Есіргеповке Тараз қалалық соты шығарған үкімді өз күшінде қалдырып, Есіргеповтің апелляциялық шағымын қанағаттандырмай тастады.

Облыстық сот төрағасы Досжан Әміров бастаған сот алқасы Есіргеповтың шағымын оның қатысуынсыз, сырттай қарап шешім шығарды. Сондай-ақ апелляциялық сотқа қатысу үшін Алматыдан арнайы келген Есіргеповтың зайыбы Раушан Есіргепованы, журналистер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің сот отырысына қатысуына сот рұқсат бермей қойды.

«Алма-Ата инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргепов биылғы тамыз айының басында Тараз қалалық сотының үкімімен 3 жылға бас еркіндігінен айру жазасына кесілген болатын. Сот журналисті Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметтік құпиясын заңсыз жолмен алып, оны газет бетінде жариялағандығы үшін айыпты деп тапты.
XS
SM
MD
LG