Accessibility links

Иран заңгері кісі өліміне қатысты 4 жасты босатуға тырысуда


Иранның адам құқтарын қорғаушы заңгері бозбала жігіттерді жазадан құтқару үшін ақша жинауға шақырып отыр.

Мухаммад Мостафайдың өз вебсайтында таратқан мәлімдемесінде 200 мың доллар кісі өліміне қатысты төрт жас баланың өмірін сақтап қалуға көмектесуі мүмкін деген.

Ол өзінің қаржы жинау үшін есеп-шот ашып қойғанын айтуда.

Исламның шариғат заңы бойынша, қаза тапқан адамның туыстары қаржылай құн ақыға айырбас ретінде сотталған адамға кешірім жасай алады.

Адам құқын қорғаушылардың айтуынша, Иран 1990 жылдардан бері 40-тан аса бозбала қылмыскердің өлім жазасы үкімін жүзега асырған. Иран өлім жазасы үкімін сотталған адам 18-ге толғанда ғана орындайтынын айтып отыр.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG