Accessibility links

Ресей, Италия және Түркия премьерлері құбыр жолын талқылайды


Ресей премьер-министрі Владимир Путин өзінің итальяндық және түркиялық әріптестерімен Еуропаның қолдауындағы газ құбыры жобасын талқылайды.

Италия премьер-министрі Сильвио Берлускони Ресейде сапармен жүр.

Ресей үкімет басшысы Мәскеуде Берлускони екеуі Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы Оңтүстік ағыс газ құбыры жобасы туралы келіссөз жүргізетіндіктерін айтқан.

Ресейдің Газпромы мен Италияның Ени компаниялары дамытып жатқан атылмыш газ құбыры Ресей газын Еуропаға Қара теңіздің табаны арқылы жеткізуді көздейді.

Түркия өз аймағындағы суларында Ресейдің зерттеу жүргізуіне рұхсат беруге келісті. Оған қарама-қайшы тағы бір жоба Еуропаның қолдауындағы Набукко құбыржолы Каспий теңізінің газын Түркия жері арқылы Еуропаға Ресейді айналып өтіп жеткізбекші.
XS
SM
MD
LG