Accessibility links

Ресей күштері исламшыл белсенділердің үйіне тінту жүргізді


Ресейдің қауіпсіздік күштері Урал аймағындағы Хизб ут-Тахрир ұйымына мүше деп күдіктелгендердің үйіне тінту жүргізді.

Тексеру шаралары негізінен мұсылман елі Башқұртстанның Уфа мен Дүртелі қалаларында орын алды.

Интерфакс агенттігі Федералды қауіпсіздік күштерінің Хизб ут-Тахрир мүшелері заңсыз әрекеттеріне жергілікті тұрғындарды тартып жүрген деген сөзін келтіріп отыр.

Хизб ут-Тахрир ұйымы бұрынғы совет елдеріндегі Орталық Азия аймағында бейбіт жолмен ислам мемлекетін құруды көздейді. Бұл ұйымға 2003 жылы Ресейде тыйым салынған.

Соңғы жылдары Башқұртстанда осы исламшыл ұйымның мүшесі деп 20 адам түрмеге жабылды.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG