Accessibility links

Чехиядағы қазақ босқындары Жовтистің сот үкіміне билікті айыптады


Чехиядағы қазақ босқындарының комитеті белгілі құқық қорғаушы Евгений Жовтистің апелляциялық шағымы бойынша өткен сот оның үкімін өзгеріссіз қалдырғанына Қазақстан үкіметін айыптап отыр.

Жовтиске қарсы бұл сот процесі ресми биліктің тағы да өзіне жақпаған құқық қорғаушылар мен оппозиционерлерді және журналистерді басып тастау үшін тек сылтау іздеп отырғанын көрсетті делінген қазақ босқындарының мәлімдемесінде.

Бұл Қазақстан сотын жоғары жақтан сыбайлас жемқорлық жайлаған Назарбаев режимі басқаратынын көрсетті дейді олар.

Чехияда саяси баспана алуды көздеп жүрген қазақстандық діни босқындар комитеті өздеріне құқық қорғаушы Евгений Жовтис көп көмектескенін, өз проблемаларын шешуге қолдау танытып, халықаралық қауымдастық алдында Қазақстан билігінің сыбайлас жемқорлық дендеген режимін сынағаны үшін жазаланып отыр деп есептейді.

Қазақстандағы адам құқықтары мен заңдылықтардың сақталуы жөніндегі халықаралық бюроның жетекшісі Евгений Жовтис Бақанас ауылында кісі өліміне әкелген жол көлік апаты бойынша 4 жылға сотталған. Оның апелляциялық шағымын сәрсенбі күні Талдықорғандағы сот қарап, үкімін өзгеріссіз қалдырған еді.
XS
SM
MD
LG