Accessibility links

НАТО бас хатшысы Ауғанстанда қажырлы болуға шақырды


НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен альянс күштері Ауғанстанды әл-Қаиданың жаттығу алаңына айналдырмау үшін бұл елде қала беруі керек деді.

Ол бұл мәлімдемесін Братиславадағы НАТО қорғаныс министрлерінің кездесуі алдындағы баспасөз мәслихатында айтты. Бұл Словакия астанасындағы екі күндік НАТО жиынында Ауғанстан мәселесі басты тақырып болып отыр.

Қорғаныс министрлері президенттік сайлаудың екінші сатысы өтетін қарашаның 7-де Ауғанстан қауіпсіздігіне алаңдаушылық танытуда.

НАТО-ның бұл отырысы АҚШ президенті Барак Обама әкімшілігі талибандармен күресу үшін Ауғанстанға көбірек әскер жіберу керек пе, жоқ па деген мәселені қарап жатқан тұста болып отыр.
XS
SM
MD
LG