Accessibility links

Бұрынғы босниялық серб жетекшісі Плавшич Швеция түрмесінен шығады


Швециядағы түрмеде қамауда отырған бұрынғы Босния президенті Биляна Плавшич бостандыққа шығады.

БҰҰ-ның соғыс қылмыстары бойынша Гаагадағы соты 79 жасар Плавшичті мерзімінен бұрын шығаруға шешім қабылдаған.

Швецияның Әділет министрлігі 2003 жылы 11 жылға сотталған оны алдағы сейсенбі күні шығаратын болды.

Биляна Плавшич 1992-1995 жылдары Босниядағы соғыста хорваттар мен мұсылмандарға қарсы жүргізілген қудалау науқанында жетекші рөл атқарды деп сотталған.

Өткен айда Халықаралық қылмыстық трибунал Плавшичті өзін жақсы ұстағанына байланысты ертерек босатуға жол ашқан.
XS
SM
MD
LG