Accessibility links

ХВҚ Беларуске 700 млн. доллар көмек береді


Халықаралық Валюта қоры Беларусь еліне 700 млн. доллар экономикалық көмек беретін хабарлады. Бұл елге қаржы дағдарысына байланысты бөлінген жалпы ақша көлемі 2,23 млд. долларға жетті.

Халықаралық қаржы қорының басқарушы директоры Такатоши Катоның мәлімдемесінде, Беларусь ғаламдық экономикалық дағдарысқа қарсы жүргізген саясатында жақсы прогрестер жасады делінген.

Халықаралық валюта қорының Беларуспен 15 айлық бағдарламасы қаңтар айында мақұлданған болатын.
XS
SM
MD
LG