Accessibility links

ПЕН клуб әлемдегі жазушылар қудалауларға ұшырауда деді


Халықаралық жазушылардың ПЕН ұйымы бүгін таратқан мәлімдемесінде, әлемде 600-ден аса аутор мен журналист қысым мен қудалауларға тап болып отыр деді.

Олардың айтуынша, 200-ден аса жазушы қиын жағдайлардағы түрмеге жабылған. ПЕН клуб өзінің Аустрияда өткен 75-ші жылдық конференциясында Қытай, Түркия, Иран, Эритрея және Вьетнамда жазушылардың түрмеге жабылғанын айыптады.

Онда сондай-ақ Латын Америкасындағы жағдайға байланысты алаңдаушылық танытылып, Куба, Венесуэла және Мексика мен Колумбияда сөз еркіндігіне қауіп төніп тұрғаны айтылды.

Халықаралық ПЕН ұйымы әлемдегі қаламгерлердің бірлесіп жұмыс істеуі мен құқықтарын қорғау мақсатында 1931 жылы құрылған.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG