Accessibility links

Қырғызстанда ТМД елдерінің әділет министрлері кездесуде


Бүгін Қырғызстанда кездесетін ТМД-ға мүше елдердің әділет министрлері жемқорлыққа қарсы бірігіп күресу жолдарын талқыламақ.

Кездесудің қорытындысы бойынша ТМД елдері әділет министрліктерінің ынтымақтастығы туралы келісімге қол қойылады деп жоспарланған.

Сондай-ақ бүгін әділет министрлері ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің 14-отырысы да өтпек. Мұнда сот шешімдерін орындау заңнамасы, азаматтарға тегін заңдық көмек көрсету мен ЕурАзЭҚ-тың 10 жылдығын мерекелеу жайы сөз болмақ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG