Accessibility links

Қарағандының дала алқабында екі тәулік бойы жанған өрт сөндірілді


Қарағанды облысында далалық алқаптағы екі тәулік бойы жанған өрт өшірілді, — деп хабарлады Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі.

Ақтоғай ауданының Ақтас ауылындағы бұл өрт 20-қазан күні басталған, өрт аумағы 900 гектар жерді шарпыған.

Өртті 22-қазан күні ерікті өрт сөндіру күштері сөндірген, зардап шеккендер жоқ деп хабарланып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG