Accessibility links

Ертең Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылған күні


Біріккен Ұлттар Ұйымы – екінші дүниежүзілік соғыстан кейін құрылған халықаралық ұйым. Бас кеңсесі АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында орналасқан. «Біріккен Ұлттар» атауын АҚШ президенті Ф.Д.Рузвельт ұсынған.

Біріккен Ұлттар Ұйымының ең басты әрі негізгі құжаты болып табылатын Жарғының жобасы ССРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттері өкілдерінің қатысуымен орыс, ағылшын, қытай, француз және испан тілдерінде дайындалып, оған 1945 жылдың 26-маусымында Сан-Франциско конференциясында 51 мемлекет қол қойған.

Ал Жарғы сол жылдың 24-қазанында аталмыш конференцияға қатысушы елдердің Жарғыны ратификациялауларына байланысты күшіне енгізілді. Содан бері 24-қазан халықаралық қоғамдастықта Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылған күні ретінде аталып келеді.

Құрамына 192 мемлекет кіретін БҰҰ-ның мүшелігіне Қазақстанның қабылданғаны 1992 жылғы наурыз айының 2-сінде жарияланды.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG