Accessibility links

Қырғызстанда министрлер кабинетінің жаңа құрамы жасақталды


Қырғызстан министрлер кабинетінің жаңа құрамын жасақтады, — деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Бейсенбі және жұма күндері Қырғызстан президентінің Жарлығымен 14 министрлік пен 7 мемлекеттік агенттіктің басшылары тағайындалды.

Бірінші вице-премьер-министрі лауазымына бұрынғы экономикалық даму және сауда министрі Ақылбек Жапаров, вице-премьер-министр лауазымына Әлеуметтік қордың бұрынғы жетекшісі Тажикан Калимбетова тағайындалды. Үкімет аппаратының жетекшісі қызметіне Ош облысының бұрынғы губернаторы Аалы Карашев тағайындалды.

Үкіметтің жаңа құрамындағы министрлердің біразы атқарушы билік жүйесіндегі қызметтерін сақтап қалды.
XS
SM
MD
LG