Accessibility links

МАГАТЭ Иран мен үш елдің жауабын күтіп отыр


БҰҰ-ның Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Теһранның уранын байыту үшін шетелге жіберу жөніндегі ұсынысқа Иран мен Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты үш елі –Ресей, Құрама Штаттар және Франциядан ресми жауап күтіп отырғанын мәлімдеді.

Ол Құрама Штаттардың қолдауымен жасалған ұсыныс Иранның ядролық қару жасау мүмкіндігін тоқтатуға бағытталған.

Теһран өзінің құпия ядролық бағдарламасы аясында уран байытып жатыр деген Батыстың алаңдаушылығын азайту мақсатында төменгі байытылған уран қорын отынға айналдыру үшін Ресей мен Францияға жіберуі керек болады.

Сондай жағдайда ғана ол отын ядролық қару жасауға пайдаланылмайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG