Accessibility links

Иран ішкі істер министрі Пәкістанға барады


Бүгін Иран ішкі істер министрі Мостафа Мохаммад Нажжар елдің Сақшылар корпусына қарсы қанды шабуылдың артында тұр деген сүннит тобын басып-жаншу жолдары туралы талқылау үшін Пәкістанға барады.

Ирандық баспасөздің жазуынша, жұма күні кешкісін министр Нажжар бастаған үлкен қауіпсіздік дегеациясы Исламабадқа барып, Пәкістан ресмилерімен Жундоллаға қарсы күрес жүргізу мәселесін сөйлеседі.

Қазанның 18-де Ислам төңкерісі сақшылар корпусына қарсы жасалған шабуылдан ішінед жоғары шенді қолбасшылары бар 42 адам қаза тапқан еді. Оған жауапкершілікті сүнниттік Жундолла тобы алған.

Иран бұл топ Пәкістан аймағында орналасқан дейді.
XS
SM
MD
LG