Accessibility links

Қазақстан мен Түркия стратегиялық әріптестік келісіміне қол қойды


Анкарада сапармен жүрген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия президенті Абдолла Гүл стратегиялық әріптестік келісіміне қол қойды деп Хабар агенттігі хабарлады.

Бұл біздің келіссөздеріміздің басты нәтижесі деген Қазақстан президенті іс жүзінде біз Түркиямен бұрыннан стратегиялық әріптеспіз деген.

Өз кезегінде президент Абдолла Гүл Қазақстан Түркиямен стратегиялық әріптестік құрған бірінші түрік тілді ел екенін атап өткен.

Бұл келісім Астана мен Анкара арасындағы саяси, сауда және экономикалық, мәдени- рухани саладағы байланыстарды бекітетін болады.
Ресми деректерге қарағанда, 1993-2009 жылдар аралығында Түркиядан Қазақстанға келген инвестиция көлемі 808 млн долларды құраған. Өткен жылы ғана екі елдің арасындағы сауда-саттық миллиард долларға жетті.
XS
SM
MD
LG