Accessibility links

Чехия АҚШ-тың зымыраннан қорғаныс жоспарын қолдады


Чехия премьер-министрі Ян Фишер өз елі Құрама Штаттардың зымыраннан қорғаныс жоспарына қосылуға дайын екенін мәлімдеді. Ол жұма күні Прагада АҚШ вице-президенті Джо Байденмен кездесуінен кейін былай деді.

"Чех республикасы жаңа зымыраннан қорғаныс жоспарының құрылысына қатысуға дайын және біз бұл туралы толығырақ ақпарат түскен кезде оған қалай қатысатынымызды анықтаймыз" деді.

Байденнің айтуынша, Вашингтон алдағы айда Прагаға сарапшылар тобын жөнелтетін болады.

АҚШ вице-президенті орталық Еуропаға сапарында Чехиядан бұрын Румыния мен Польшада сапармен болып, бұл елдердің де Құрама Штаттардың жаңа жоспарына қолдауын алған.

Бұл кеме мен жерде зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін орнату жөніндегі жаңа жоспар Ресейдің қарсылығын тудырған бұрынғы Буш әкімшілігінің Чехия мен Польшада зымыраннан қорғаныс базасын орнату жоспарының орнын басады.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

XS
SM
MD
LG