Accessibility links

Украинада президенттік сайлауға үміткерлер тіркелуде


Украинада алдағы жылдың қаңтарында өтетін президенттік сайлауға тіркелуге бес адам өтініш берді.

Азаттықтың украин қызметінің хабарлауынша, Орталық сайлау комиссиясы өздеріне банкир Сергей Тигипко, заңгер Олег Рябоконь, бұрынғы қорғаныс министрі Анатолий Хрыценко, бұрынғы сыртқы істер министрі Арсений Яценюк пен коммунистік партия жетекшісі Петро Симоненколар тіркелуге өтініш бергенін растаған.

Жұма күні кешкісін Украинаның Аймақтар партиясы жетекшілері Виктор Януковичтің де президенттікке кандидат ретінде тіркелгенін жариялайды.

Сонымен қатар қазанның 24-де премьер-министр Юлия Тимошенко өзінің дауыс беруге қатысатыны туралы хабарлайды деп күтіліп отыр.

Қазіргі президент Виктор Ющенко да сайлауға түспекші.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG