Accessibility links

Журналист Әлішер Саиповтың өлтірілгеніне 2 жыл толды


Журналистерді қорғау комитеті қырғыз журналисінің өлімін тергеу қорытындысын талап етті.

Нью-Йоркте орналасқан журналистерді қорғау ұйымы Қырғызстан билігін 2007 жылдың 24-ші қарашасында Ош қаласында белгісіз біреулердің қолынан қаза тапқан тәуелсіз журналист, өзбек тіліндегі жергілікті “Саясат” газетінің бас редакторы Әлішер Саиповтың өлімі бойынша жүргізілген тергеу қорытындысын жариялауы керек деді.

Саиповтың әріптестері Өзбекстандағы жағдай туралы жазғаны үшін оны көрші Өзбекстан елінің агенттері өлтірген болуы мүмкін деп күдіктенеді.

Алайда Қырғызстан Ішкі істер министрлігінің өкілі Олжобай Қазыбаев ондай күдіктерді теріске шығарды. Ол Саиповтың өліміне қатысты қамауға алынған Абдуфарит Расулов қамауда екенін алға тартып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG