Accessibility links

АҚШ мұсылман елдеріндегі технологияны дамытуға көмектеспек


Обама әкімшілігі мұсылман елдеріндегі технологиялық дамуға қолдау көрсету үшін миллиондаған доллар қаржы бөлетінін жариялады.

Президент Барак Обама маусым айында Қаирде мұсылман әлеміне арнаған жолдауында АҚШ мұсылман мемлекеттеріне қаржылай көмектеседі деп уәде еткен болатын. Ақ үйдің жұма күні жариялаған мәлімдемесінде АҚШ үкіметінің шетелдік жеке инвестиция жөніндегі корпорациясы жекеменшік саласындағы ұсыныстар бойынша 25 миллионнан 150 миллион долларға дейінгі қаржымен қамтамасыз ете алады делінген.

Осы қаржыға қол жеткізгісі келетін жобалар мен қорлар технология мен телекоммуникация, сондай-ақ баспасөз бен бизнес қызметтері саласындағы экономикалық мүмкіндіктерді жақсартып, жаңа жұмыс орындарын ашуы тиіс.
XS
SM
MD
LG