Accessibility links

Обама H1N1 вирусына қатысты төтенше жағдай жариялады


АҚШ президенті Барак Обама доңыз тұмауының жайылуын ұлттық төтенше жағдай деп жариялады.

Жұма күні елдің сырқаттарды алдын алу бойынша орталығының басшысы Томас Фрайден АҚШ-та доңыз тұмауынан құрбан болғандардың саны мыңнан асты деп хабарлаған болатын. Оның айтуынша, H1N1 вирусы АҚШ-тағы 50 штаттың 46-да таралған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, сәуір айынан бері әлемде осы вирустан 5 мыңға жуық адам қаза тапқан. Доңыз тұмауы пандемия деп жарияланған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG