Accessibility links

Түркияда бір адам H1N1 вирусынан көз жұмды


Түркияда доңыз тұмауынан бір адам құрбан болды. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Анкарада емделіп жатқан 29 жастағы науқасқа басында өкпе ауруына шалдықты деген диагноз қойылыпты бірақ кейін одан H1N1 вирусы анықталыпты. Ресми мәліметтерге сәйкес, Түркияда доңыз тұмауы шамамен 960 адамға жұққан.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, әлемде сәуір айынан бері әлемде бұл вирустан 5 мыңға жуық адам көз жұмған.
XS
SM
MD
LG