Accessibility links

Ирақ саяси кеңесі сайлау туралы заңды сөз етпек


Ирақтың саяси жетекшілері сайлау туралы жаңа заңға байланысты теке-тірестерді шешу үшін жексенбі күні жиналады. Ұлттық қауіпсіздік үшін саяси кеңестің жиынына жоғары лауазымды саясаткерлер қатысады.

Өткен аптада ел парламенті ұлттық сайлауларды қаңтардың 16-на белгілеу жөніндегі жаңа заңды мақұлдамаған болатын.

АҚШ егер әлгі заң төңірегіндегі дау шешілмесе, ол американдық күштердің Ирақтан шығарылуы жоспарына әсер етуі мүмкін деп ескертті.
XS
SM
MD
LG