Accessibility links

Батыс Бағдаттағы шабуылды айыптап отыр


АҚШ президенті Барак Обама 132 адамды құрбан еткен Бағдаттағы террорлық шабуылды айыптап, мұны Ирақ халықының жарқын болашағын көре алмаушылардың ісі деп мәлімдеді.

Ақ үйдің хабарлауынша, Обама Ирак президенті Жалал Талабани мен премьер-министр Нури әл-Маликиге телефон шалып, АҚШ-тың Ирақ халқының жағында екенін айтқан.

Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Дэвид Миллибэнд бұл шабуылды экстремизм қаупін қайтадан еске түсірді деп мәлімдеді, сондай-ақ Бағдаттағы жарылысты НАТО басшысы Андерс Фог Расмуссен де айыптады.

Жексенбі күні Бағдадтың орталығында екі жанкештілік жарылыстан 132 адам қаза тапты. Алғашқы жарылыс Ирақ әділет министрлігінің ғимаратына зақым келтірсе, екіншісі әкімшілік кеңсесі жанында болған.

Бұл шабуылдардан шамамен 500 адам жарақат алды. Жарылыстарға байланысты жауапкершілікті әзірше ешкім өз мойнына алған жоқ.
XS
SM
MD
LG