Accessibility links

Алматыда бір автобус паркі қала ішінде жолаушылар тасымалынан шеттетілді


Алматы қалалық авто жолдар мен жолаушылар транспорты басқармасы бір жақты тәртіппен келісімді бұзғандығына байланысты қаладағы үш бағыттағы жолаушылар автобусына қызмет ететін «№4 Автобус паркі» ЖШС-мен келісім-шартын бұзды, — деп хабарлайды қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметі.

Биылғы 9-қыркүйекте №33 бағдарлы MAN автобусы жүргізушісінің басқаруға ие бола алмауының кінәсінен бағанға соғылған көліктегі 3 жолаушы әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға түскен-ді. Автобустардың техникалық жағдайы келісімнің бұзылуының бір себебі болған.

Бұған қоса 12-қазан күні Абай мен Гагарин көшесінің қиылысында жол ережесіне бағынбаған № 65 және № 82 бағдарлы автобустардың қатысуымен болған көлік апаты да тексерілуде.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG